Версия для слабовидящих

Ынтымағы жарасқан Ел

Ынтымағы жарасқан Ел

«Ынтымағы жарасқан Ел»

Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы және бірлігі күніне орай қала жұртшылығы мен қала қонақтарына «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі сәуір айының 30-жұлдызында «Шалқыма» концерт залында «Ынтымағы жарасқан Ел» атты мерекелік концертін ұсынды.

Кеш барысында қазақ халық композиторларының шығармаларынан бөлек орыс, өзбек, кәріс, ұйғыр, сыған, қырғыз, неміс, тәжік, грек, башқұрт, түркімен халықтарының шығармалары ойналып, әндері шырқалды. Концерт тақырыбы ауқымды болғандықтан залға жиналған көрермендер де әр түрлі ұлттан құралды. Музыканы ұғуға белгілі бір ұлттың тілін білудің қажеті жоқтығын бүгінгі концерт дәлелдеп бергендей. Мерекелік кешке жиналған қауым әр әнге, әр шығармаға ыстық ықыластарын аямай, концерттің басынан аяғына дейін қол соғумен болды.

Құрмаш Ыбышев, Гүлмира Тапай, Айдар Қаппасов, Ербол Алшынбаев, Ержан Базарбеков, Нұрбол Темірғалиев сынды әншілеріміз де көрермен қошаметінен тыс қалмай, құшақ-құшақ гүлдің астында қалды.