Версия для слабовидящих

Испанияны өнерімен ұйытты

Испанияны өнерімен ұйытты

Еуропаның тыңдарманына қазақстандықтардың өнері ұнаса керек. Әр концертте зал лық толуда. Күмбірлеген домбыра мен күңіренген қобыз кәрі құрлықтың жұртын баурап алған секілді. Әлеуметтік желіде пікірлер кеңінен тарап жатыр.

Гастрольдер бір айға созылады. Осы уақыт ішінде ұжым 24 концерт береді. Қарағандылық музыканттар Испанияның кең сарайларында өнер көрсетеді.

Испанияның астанасы Мадридте 4 концерт өткізіп үлгерді. Сонымен қатар, оркестр Альбасете, Уэска, Сарагоса, Сан-Себастьян қалаларының сахналарында өнер көрсетті. Гастрольдік сапар 21 қаңтарда Мадридте өтетін қорытынды концертпен аяқталады.

Ерік НАРЫН,

Ortalyq.kz