Версия для слабовидящих

Көрермен көңілінен шыққан фестиваль

Көрермен көңілінен шыққан фестиваль

Арқа төсінде 5 күнге созылған Халықаралық "Әуенді Сарыарқа" фестивалі аяқталды. Бұл фестиваль дәстүрлі түрде жылда өтіп тұрады және әр күнін музыканың әр жанрына арнайды. Қала қонақтары мен тұрғындары бұл күндері Пермь филармониясының орыс халық аспаптар оркестрінің концертін, Симфония оркестрінің концертін, Джаз оркестрінің концертін, Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрінің концертін тамашалады.  Фестиваль қонақтары: Дамир Султанов, Оксана Аман, Алексей Таран, Галина Токарева, Әмина Машкеева, Әлия Машкеева, Хайриддин Ходжа, Арслан Сайфи, Бурчин Савинье, Эльвин Ганиев,Дмитрий Хохлов, Мустафа Мехмандаров, Гвидо Ламелл, Елмұра Жаңабергенова, Рамил Гайзуллин, Роза Аманова, Фериял Башел, Ходжаназар Жумаев, Фарух Садыков, Герш Геллер, Мансур Ташматов, Марко Сантили, Фкльвио Марас, Ернар Мыңтаев, роза Зергерли.

Фестивалдің соңғы күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, "Түрксой" ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың 70 жылдық мерейтойына арналған "Бар байлығым - достарым" атты концертпен аяқталды. Кеш соңында  көрермендер "Жұлдыздар аллеясында" Дүйсен Қасейінов атындағы жаңа жұлдыздың ашылу салтанатының куәсі болды.