Версия для слабовидящих

Маэстро мерейі

Маэстро мерейі

Кеш шымылдығы Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің «Сарыжайлауымен» сәтті түріле келіп, композитордың «Толағайымен» түрлене кетті. Республикалық және халық­аралық конкурстардың лауреаты Арайлым Жүкенова жүрекке жеткізе шырқады. Мәдениет саласының үздігі Ержан Базарбеков «Арқа аруы» әнін әуелетті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақсыгелді Кемалов «Асыл жарды», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәуренбек Әркенов «Меңді қызды», әнші Ришат Шабденов «Ойыл толқынын», Дулат Аханов «Түнгі сыры» мен «Даниярдың әнін», Медет Осатаев «Балқантауды», Қазақстанның мәдениет қайраткері Меруеш Башай «Нені ойладың?», «Асылым» әндерін шебер жеткізді. «Жайлаукөл кештерін» «Мерей» квартеті, «Теміртау түнін» «Әуен» триосы сәтті орындады. Ән кеші Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің орындауындағы «Еділ мен Жайық» әнімен қорытындыланды.


Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ,

Ortalyq.kz