Версия для слабовидящих

«Ән керуен»

«Ән керуен»

«Ән керуен»

Мамырдың 12-жұлдызында Арқа төсінде айтулы кеш болды. Ақтоғайдан түлеп ұшып, арқаның ардақты әншісіне айналған Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Дәуренбек Аркенов ел алдында есеп концертін өткізді. Дәукең бұл кешке аса ыждаһаттылықпен даярланғанын көрсетті. Себебі, кеш барысында Қуандық Сәденовтың әніне жазылған, ақын Серік Сағынтайдың сөзімен өрілген «Тоқырауын толқыны» атты бейнебаянының тұсауын кеті. Сондай-ақ, «Ән керуен» атты кітабының тұсауын кесті. Бұл аз десек, сахнаға шәкірттерін шығарып, жас әншілердің елден ақ бата алуына ықпал жасады.

Концерт барысында әнші Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің сүйемелдеуімен, сырнаймен және домбырамен ән салып көпшілікті жалықтырып алмаудың барлық амалдарын қарастырды. Жиылған жұрт Дәуренбек кешке басталған концертін таңға дейін созса да жалықпас еді. Оны көрермендердің ыстық ықыласынан, кеш біткенше залдан шығып кетушілердің болмауынан-ақ аңғаруға болады.