Версия для слабовидящих

Шарықта, қазақ әні! Шарықта, қазақ әні!

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік алғашқы әншілерін еске алды. «Шалқыма» концерт залында «Сағыныш деп ұқ, далалар жатса, қалалар жатса ән салып» деген классикалық ән кеші өтті. Ән кеші «Ән керуен» жобасының аясында ұйымдастырылды. Қазақ әнінің жауһарларынан шашу шашылды.

2023.12.12 / 13:30
Испанияны өнерімен ұйытты Испанияны өнерімен ұйытты

Даланың үнін тыңда, жаһан жұрты! Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академия­лық симфониялық оркестрі Испанияда гастрольдік сапармен жүр.

2024.01.06 / 13:15
Маэстро мерейі Маэстро мерейі

Ән өнерінің Толағайына айналған Ілия Жақанов Арқаға келді. Шалқыма концерт залында «Толағай» атты шығармашылық кешінде алып өнер иесінің әндері шарықтады. Көрерменнің ортасында отырып, көңілі қалықтады. Кешінің соңында сөз алып, «Арқа жұртын үнемі сағынып тұрамын», деді.

2023.11.27 / 14:15
Ұлт өнері ұлықталған күн Ұлт өнері ұлықталған күн

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікке – 85 жыл. Ғасырға жуық уақыт ішінде ордалы өнер ұжымы аңызға айналды. Олар жайлы биік мінбелерден айтылып, әуен сүйген жұрты алапасын асырды. Дархан даланың құдіреті аңқыған ұлттық музыканы кең жаһанға танытты. Халқының ықыласына бөленіп жүрген концерттік бірлестік өзінің мерейтойын Сәкен театрының сахнасында дүркіретіп атап өтті. Театрға ел ішіндегі игі жақсылар түгел жиналды. Өнерге қызмет етіп, өмірін халық мәдениетіне арнаған дарын иелеріне құрмет көрсетілді.

2023.11.27 / 13:00
Өнері өнегемен сабақтасқан Өнері өнегемен сабақтасқан

Қазақ әнінің дүлдүлі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жақсыкелді Кемаловтың «Айбоз ғұмыр асқақ ән» атты шығармашылық кеші өтті. Кеншілер мәдениет сарайына Алаштың сәулелі ұлдары түгел жиналды. Көш басында қазақ әнінің абызы – Қайрат Байбосынов. Кеудесі домбыраның шанағына, жүрегінің тамыры шекке айналған, ән деп ғұмыр кешкен тума таланттың тойы Арқада дүбірледі. Сахнада рух домбыра боп сөйледі.
 

2023.10.22 / 16:00