Қазақтың терме-толғау, жыр-дастандарында еліміздің өткені тұнып тұруымен қатар, болашаққа деген сенімі мен бағыт-бағдары да бар. Бұрынғы бабалар таңды-таңға ұрып жыр айтып, жас буынды сөздің киесімен, нәрімен тәрбиелеген. «Шалқыма» концерт залында өткен «Ғасырларға ұласқан, терме-толғау, жыр-дастан» атты жыр кеші де сол қазақтың қанында бар қасиетті паш етті.
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік алғашқы әншілерін еске алды. «Шалқыма» концерт залында «Сағыныш деп ұқ, далалар жатса, қалалар жатса ән салып» деген классикалық ән кеші өтті. Ән кеші «Ән керуен» жобасының аясында ұйымдастырылды. Қазақ әнінің жауһарларынан шашу шашылды.
Даланың үнін тыңда, жаһан жұрты! Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Испанияда гастрольдік сапармен жүр.
Ән өнерінің Толағайына айналған Ілия Жақанов Арқаға келді. Шалқыма концерт залында «Толағай» атты шығармашылық кешінде алып өнер иесінің әндері шарықтады. Көрерменнің ортасында отырып, көңілі қалықтады. Кешінің соңында сөз алып, «Арқа жұртын үнемі сағынып тұрамын», деді.
Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікке – 85 жыл. Ғасырға жуық уақыт ішінде ордалы өнер ұжымы аңызға айналды. Олар жайлы биік мінбелерден айтылып, әуен сүйген жұрты алапасын асырды. Дархан даланың құдіреті аңқыған ұлттық музыканы кең жаһанға танытты. Халқының ықыласына бөленіп жүрген концерттік бірлестік өзінің мерейтойын Сәкен театрының сахнасында дүркіретіп атап өтті. Театрға ел ішіндегі игі жақсылар түгел жиналды. Өнерге қызмет етіп, өмірін халық мәдениетіне арнаған дарын иелеріне құрмет көрсетілді.