Версия для слабовидящих

"Аруға әсемдік жарасады" атты мерекелік кеш өтті.

"Аруға әсемдік жарасады" атты мерекелік кеш өтті.

7 наурыз күні "Шалқыма" концерт залында нәзік жанды аруларымыз бен аяулы аналарымызға, сүйікті әпке-қарындастарымызға арналған "Аруға әсемдік жарасады" атты мерекелік кеш өтті. Бағдарламада Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі Тәттімбеттің "Сылқылдақ", Құрманғазының "Сарыарқа", "Балбырауын", Сүгірдің "Аққу", Дәулеткерейдің "Қосалқа", Динаның "8 март" танымал күйлерін, А.Хачатурянның "Танец девушек", А.Петровтың "Петербургские тайны", Р.Ловландтың "Таинственный сад" шығармаларын орындады. Оркестрдің жеке орындаушылары: мәдениет саласының үздігі Ержігіт Оспанханов Ықыластың "Аққу" күйін, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Полатхан Тәшімов Е.Үсеновтың "Анама" күйін тарту етіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Халық әні "Шолпан қыз" бен "Жас келін" халықаралық конкурс лауреаты Гүлмира Тапайдың орындауында, Моңғол әні "Анаға сағыныш" пен Қ.Нұрғазиннің "Қыздарға әсемдік жарасады" әні Қазақстанның мәдениет қайраткері Меруеш Башайдың орындауында шырқалса, ал ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов Т.Мұхамеджановтың "Аққу арман", Ш.Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" туындысын әуелетті. Кеш дирижерлері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев, "Қазақстанның 100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей және Қайыржан Қасымов.
 Концертке келген көпшілік қауым ризашылығын білдіріп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.