Версия для слабовидящих

Мәдениет майталмандарының мерейі

Мәдениет майталмандарының мерейі

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің бірқатар қызметкері «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне орай, сыйақы мен марапатқа ие болды.

Бірлестік басшысының орынбасары Ғазиз Салықұлы Ажбағамбетовке «Мамандыққа адалдығы үшін» Бас жүлдесі мен 2 млн.теңге табысталды.

«Эстрадалық жанр вокалисі» жүлдесін – «Арай» ансамблінің әртісі Ершат Қонақбаев иеленді.

«Классикалық жанрдың үздік вокалисі» жүлдесін - «Әуен» ансамблінің әртісі Нұрбол Темірғалиев иеленді.

«Халық әнін үздік орындаушы» жүлдесін - «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің әртісі Ришат Шабденов иеленді.

«Жыл инструменталисі» жүлдесін - Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі Аманкелді Үсенов иеленді.

«Үздік жеке аспапта орындаушы» жүлдесін - «Мерей» ансамблінің жеке орындаушысы Людмила Пропищан иеленді.

«Жыл дирижері» жүлдесін - Тәттімбет атындағы  қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Ерлан Бақтыгерей иеленді.

«Балет және хореографиялық ұжымның үздік артисі» жүлдесін - «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблінің әртісі Айсұлу Ахметжанова иеленді.

Жүлде иегерлеріне «Алтын қобыз» мүсіні және 1 000 000 теңге сыйақы табысталды.