Версия для слабовидящих

Халықаралық әйелдер күніне арналған "Кешкі вальс" атты концерт өтті

Халықаралық әйелдер күніне арналған "Кешкі вальс" атты концерт өтті

6 наурыз күні "Шалқыма" концерт залында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Нәзік те асыл - гүлдей құлпырған қыздарымыз бен аяулы аналарымызға ең әдемі құттықтаулар арналды, ән мен күйден сыйлық тартылды. Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башай, республикалық конкурстар лауреаты Дулат Аханов өнер көрсетті.