Версия для слабовидящих

«Мои друзья – мое богатство»

«Мои друзья – мое богатство»

2023 жылдың 4 наурызы күні Кеншілер Мәдениет сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы, профессор Дүйсен Қорабайұлы Қасеиновтың "Бар байлығым - достарым" атты халықаралық фестивалі болып өтті. Фестивальге Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Италия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Оңтүстік Корея, Ресей елдерінің өнерпаздары мен Е.Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфония оркестрі қатысты. Қарағандылықтар бұл кеште Роза Рымбаева, Медет Чотабаев, Талғат Ыдырысов, Ержан Абдрахманов, Жупар Габдуллина, Роза Аманова, Роза Зергерли, Массимо, Марчелли, Максим Федотов, Полад Бюль-Бюльоглы, Мансур Ташматов, Равшан Непесов, Шахимардан Абилов, Фериал Башель, Ли Юн Сиёнг  және тағы да басқа атақты өнер жұлдыздарының орындауында әлем музыка жауһарының үздік туындыларын тамашалауға зор мүмкіндік алды. Дүйсен Қорабайұлының қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі орасан зор екені баршаға аян. ТҮРКСОЙ ұйымын басқарған жылдары түрік елдерінің достығы мен мәдениеті үшін игі шаралар атқарды. Кешті оркестр Түркімен композиторы Равшан Непесовтың «Фанфары» шығармасымен ашты.  Бағдарламада көрерменнің назарына келесі туындылар ұсынылды:  Абай «Көзімнің қарасы», Е.Рахмадиев «Таң самалы», Х.Сетеков «Честь», Р.Алаяров «Два Туркменских танца», Е.Ынтықбаев «Ертеңіңе сенемін», Н.Тілендиев «Куә бол», Д.Тухманов «Ташкент», Клод Франсуа «Мой путь», Г.Мовсесян «Мои года – мое богатство», Леонковало Ария Каварадоси из оперы «Тосска», И.С.Бах «Шутка»,К.Дюсекеев«Қарағымай»,АтайОғонбаев«Жаштарға»С.Еркимбеков«УтроРодины» Корейская песня «Пимок», Н.Тілендиев «Сағындымғой» К.Пендерецкий «IV часть пьесы для струнных и флейты». Сонымен қатар концертке Қырғыз халық ақыны  Қожагелді Кулуев, ҚР мемлкеттік сыйлығының лауреаттары Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлы қатысып фестивальдің бас ұйымдастырушысы Дүйсен Қорабайұлына арнау оқыды.