Версия для слабовидящих

«Ән керуен» концерті өтті.

«Ән керуен» концерті өтті.

2023 жылдың 12 наурызы күні «Шалқыма» концерт залында жергілікті композиторлардың туындыларына арналған «Ән керуен» концерті өтті. Бұл кеште Есжан Әміров, Қасымхан Асанов, Жағыппар Әлімханов, Аманжол Әлтаев, Наган Шиымбеков, Жақсыкелді Кемалов, Назгүл Таңатар, Боташ Ноғаева, Төребек Құтжанов, Ерлан Төлеутай, Кәмел Жүніс, Әлхан Жәңгіров, Дауренбек Аркенов, Қадыр Баймырза, Қуандық Сәденов, Амантай Жұмашев, Серік Ақсұңқарұлы, Мейірхан Адамбеков, Рымтай Бөдесов, Дәулет Ырысбайұлы сынды ел арасына кеңінен танымал болған ақын, сазгерлердің шығармалары шырқалды. Әуелеген ән кешіне бірлестіктің дәстүрлі ән орындаушылары, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі, «Аққу» фольклорлы-хорегорафиялық ансамблі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің ұстаздары және Ақтоғай, Шет ауданының әншілері қатысты.

«Ән керуен» жобасы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Өткен жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі әндер концертінің келесі бөлімінде де көрерменге халық жүрегінен орын алған туындыларды ұсынамыз.