Оңтүстік Корея мемлекетінде халықаралық "FIDAF-2023" би фестивалі өтіп жатыр.

Қазан айының 2-11 аралығында Оңтүстік Корея мемлекетінде халықаралық "FIDAF-2023" би фестивалі өтіп жатыр. Аталған фестивальге 15 мемлекеттің би ұжымдары келген, атап айтқанда: КостаРика, Таити, Малайзия, Филиппины, Косово, Словакия, Тайвань, Қытай, Эквадор, Литва тағы басқалар Қазақстанның атынан Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің "Аққу", "Арқа сазы" ансамбльдері өз өнерін жоғары деңгейде көрсетуде.