Версия для слабовидящих

Тәттімбет оркестріне - 35 жыл!

Тәттімбет оркестріне - 35 жыл!

13 қазан күні "Шалқыма" концерттік залында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің 85 жылдық мерейтойы аясында XХІV «Әуенді Сарыарқа» Халықаралық фестивалі Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің концерті өтті. 

Кеште  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абдуғалисын Шоқанбаев, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей,  халықаралық конкурстардың лауреаты Абылқайыр Сағымбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дүйсен Үкібай, Қарасай Сайжанов, Өзбекстанның халық артисі Фарук Садыков дирижерлік етті. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғайни Балтаева, ҚР "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісінің иегері Ерлан Жандарбай , Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақсыгелді Кемалов, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Нұрбол Темірғалиев пен Рысты Рахымжан өнер көрсетті.