Версия для слабовидящих

«Өз елім» атты концерт өтті

«Өз елім» атты концерт өтті

2023 жылдың 30 наурызы күні «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Өз елім» атты концерті өтті. Бағдарламада оркестр композитордың атақты, кеңінен танымал, жігер мен қайсарлыққа толы: «Ата толғауы», «Көш керуен», «Қилы кезең», «Алтын дән», «Атадан мұра», «Аңсау», «Махамбет» туындыларын орындады. Жеке орындаушылар – Қазақстанның мәдениет қайраткері Балғабек Смағұлов «Көңілді бикеш» күйін тарту етсе, ал  халықаралық конкурстар лауреаты Рысты Рахымжан «Ақ шағала», «Кел еркем, Алатауыңа!», «Құрмет» орденінің кавалері Сержан Мұсайын «Сағындым ғой», республикалық конкурстар лауреаты Нұрбол Темірғалиев «Сарыжайлау», «Өз елім», Қазақстанның мәдениет қайраткері Меруеш Башай «Куә бол», «Қайран менің жүрегім» атты, Н.Тілендиевтің бүкіл қазақ даласының топырағына сіңген, ұлттың жүрегінен терең орын алған әндерін шырқап, кешке келген көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бір дәуірдің лирикасын, сыры мен мұңын, адамзаттың сағынышы мен махаббатын жырлайтын «Құстар әні» туындысы кештің шымылдығын жапты.

Бағдарлама дирижерлары: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев пен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.