Версия для слабовидящих

«Тұғыры биік дирижер» атты кеш өтеді.

«Тұғыры биік дирижер» атты кеш өтеді.

Жалғасбек Бегендіков Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің дирижері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры. Қазақтың көптеген шоқтығы биік шығармаларын оркестрге өңдеген, еліміздің дирижерлік өнерінің дамуына елеулі үлесін қосып келе жатқан кәсіби маман.

Концертке Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі қатысып, Тәттімбеттің «Сарыжайлау», Құрманғазының «Серпер», Махамбеттің «Жайық асу», Е.Брусиловскийдің «Думанда», Ж.Бизенің «Кармен» операсынан «Кіріспе», С.Мұхамеджановтың «Балқадиша», К.Краевтың «Семь красавиц» балетінен «Вальс», Н.Тілендиевтің «Махамбет» шығармаларын орындайды. Сонымен бірге, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т.Ыдырысов «Япурай» (халық әні), С.Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсынан «Серкенің каватинасы», ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Әркенов Жаяу Мұсаның «Хаулау», халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Р.Рахымжан Г.Доницеттидің «Линданың каватинасы», Н.Тілендиевтің «Қарлығаштар» әнін шырқаса, ал ҚР еңбек сіңірген қайраткері П.Тәшімов Әлшекейдің «Бозінген» күйін шертеді.

Бағдарлама дирижері:  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор

Жалғасбек Бегендіков

 

Өтетін күні: 2024 жыл, 23 ақпан

Өтетін уақыты: сағат 18.30

Өтетін жері: «Шалқыма» концерт залы. Костенко көшесі, 7