Ұлытаудағы «Жезкиік» фольклорлық музыка фестивалі үш құрлықтың өкілдерін жинады

Ұлытаудағы «Жезкиік» фольклорлық музыка фестивалі үш құрлықтың өкілдерін жинады

Ұлытау ауданының Болатсай деген жерінде 13-ші шілде күні «Жезкиік» І халықаралық фестивалінің қатысушылары өнер көрсетті. Фольклорлық музыканың тамаша кеші осы шара үшін арнайы құрылған этноауылда ұйымдастырылды.
Халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның қасиетті жерлері» жобасы мен «Туған жер» арнайы бағдарламасын іске асыру мақсатында өтуде.

Фестивальға Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония және Қазақстаннан 11 кәсіби ұжым келді.

- Меніңше, «Жезкиік» фестивалі жыл сайын өткізілетін халықаралық фестиваль болады. Оның сәтті өтуіне тілектеспін, барлық қатысушылар бір-бірлерімен танысты және осында тамаша, естен кетпес уақытты бірге өткізді, – дәстүрлі француз музыкасын орындайтын «Nice La Belle» тобының музыканттары.
Басқа қатысушылар Қазақстан туралы өз әсерлерімен бөлісті. Музыканттар фестивальға келіп, оның деңгейіне таңғалғандарын жасырмады. Оларға үлкен кәсіби сахна мен фестивальді ұйымдастыру деңгейі ұнаған. Олардың көбісі Қазақстанға бірінші рет келген, олар әдемі ландшафт, дәмді тағам мен үнемі көмек қолын созуға дайын мейірімді адамдар үшін елімізді ұнатып қалған.
«Жезкиік» фестивалінің қатысушыларын құттықтау үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР мемлекет және әскер қайраткері Мұхтар Алтынбаев, Қазақстанның Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның халық әртістері Бибігүл Төлегенова мен Нұржамал Үсенбаева және тағы да басқа танымал тұлғалар келді.
Бірінші болып сөз алған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқыды.
- Мен үшін осындай керемет шараға қатысу үлкен құрмет. Маған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жезкиік» халықаралық фестиваліне қатысушыларына арнаған құттықтауын оқып беруге рұқсат етіңіздер. «Құрметті, ханымдар мен мырзалар! Сіздерді «Жезкиік» І халықаралық музыка фестивалінің ашылуымен құттықтаймын. Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағадрламасы аясында өтіп жатқан аталмыш шара еліміздің мәдени өміріндегі ең маңызды оқиға болып қалатынына сенімдімін.Сондай-ақ бұл фестиваль қазақ ұлттық өнерін күллі әлемде насихаттауға септігін тизізеді деп сенемін».
-Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өнерді құрметтеп, фестивальға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін,-деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.-Жүз жыл бұрын осы қасиетті жерде Жошы хан әскері аттарының дыбысы, Кетбұға домбырасының әуені естілді. Ал бүгін біз бұл жерден әлемнің түрлі елдерінен келген фольклорлық ұжымдар музыкасын естіп отырмыз. Бүгін ғасырлар бойы қазақтың ұлттық әуендерін естіген қасиетті Ұлытау жерінде түрлі ел тарихынан сыр шертетін этномузыка ойналуда. Және де қасиетті жезкиік – дала киігі туралы аңыз. Бұл жерде бұрын үш жүздің билері жиналған, ал бүгін Ұлытауға үш құрлықтың өкілдері жиналып отыр.
Сонымен қатар халықаралық фестивальға қатысушыларды «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев құттықтады.
- Бұл фестиваль «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Оның басты мақсаты – еліміздің мәдени және рухани құндылықтарын қайта жаңғырту, дамыту және насихаттау. Сондықтан осындай шаралар ұйымдастырылуда. Біз «Жезкиік» халықаралық фестивалі өзге ұлт өкілдерін қазақ ұлтының мәдениеті және өнерімен таныстырады деп сенеміз,-деді Мәулен Әшімбаев.

Ежелгі ғасырлардан бері қазақ даласында ерекше жануар – киік мекен етеді. Қазақтар оны бөкен,киік деп атайды. Бұрынғы аңыздарға сай оның қорғаушысы – Жезкиік. Бұл ерекше киік, оның жүні қызғылт түсті және күнге шағылысқанда жылтырайды, оның бүйірлері қанат іспетті. Жезкиік киіктер үйірін қорғайды, оларды аштықтан,жануарлар мен аңшылардан қорғаған. Жезкиік Ұлы дала адамдарында қорғаштаған.
Қасиетті Ұлытау жерінің рухын сезіну үшін фестивальға қатысушылар Жошы хан мен Алаша хан мазарларын, тарихи және мәдени ескерткіштерді аралап, «Хан ордасы» тарихи кешенінде болды. Фестиваль соңында Қарағанды облысының түрлі хореографиялық ұжымдарының бишілері «Қара жорға» биін орындады. Музыкалық кеш «Ұлытау» тобының концертімен аяқталды.