ТӘТТІМБЕТ ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТ МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ

22 мамыр сағат 18-30да «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінің ХХҮІІ концерттік маусымының жабылуына арналған концерт өтті. Концерт қонақтары Қазақстанның еңбек сіңрген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Майра Ильясова(вокал Алматы қ.). Дирижерлар Қазақстанның еңбек сіңрген қайраткерлері - Дүйсен Үкібай және Әбдуғалисын Шоқанбаев. Аталаған концертті көрермен ыстық ықласпен қарсы алып жоғары баға берді.