Әкімшілік
- Ол жылы құрылған
- адам оркестрінің құрамы
1945 жылдың 10 мамырында Қарағанды филормониясы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филормониясының филиалы болып қайта құрылды. Филиалға А.Стародубенко басшылық етті. Ұжым беделінің нығайып, оның өсуіне көп күш, әрі ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсаған директорлардың бірі Петр Иосифович Яновицкий болды. Ол филармонияны 30 жылдан астам уақыт басқарды. Оған Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілді. Бұдан кейін басшылық қызметіне көркем сөз оқу шебері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ян Михайлович Симановский келді. Саратов консерваториясының түлегі, филормонияның алғашқы көркемдік жетекшісі Борис Александрович Орлов біздің өлкемізде кәсіби әншілік өнерді өркендетуге және жас дарындарды тәрбиелеуде баға жетпес үлес қосты. Одан кейінгі жылдары бұл қызметті В.Кеннинг, А.Берікболов, Н.Құсайынов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, халықаралық конкурстар лауреаты Б.Байсағатовтар абыроймен атқарды. Кейінгі жылдары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зейнолла Кәкуұлы Мейрамбеков концерттік бірлестіктің бас директоры болып, абыройлы еңбек етті.
Кейінгі жылдары Концерттік бірлестіктің бас директоры қызметін республикалық конкурстар лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ыдырысов Талғат Нүсіпұлы атқарады.
Директор орынбасары Ажбағамбетов Ғазиз Салықұлы.