«Арай» ансамблі
- Ол 2011 жылы құрылған
- 14 адам оркестрінің құрамы
Ансамбль 2011-ші жылдың ақпанында құрылды.Оның құрамына Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жас вокалистері және Қазақстанға белгілі мынандай әншілер: Г.Серикова, М, Башай, Д.Аркенов сынды өнерпаздар кірді. Ансамбль қазақ халық әндерін, эстрадалық әндерді, ансамбльдік әндерді де нақышына келтіріп орындайды. Құрылғанына бір жыл толмаса да бұл ұжым көп нәрсеге қол жеткізіп отыр. Жүкенова Арайлым этникалық эстрада орындаушыларының халықаралық байқауында лауреат атағын жеңіп алса, 2011ж. күзінде Меруерт Башай. Қ.Аманжолов атындағы Республикалық байқаудың лауреаты атанды.2011 жылдың желтоқсан айында « Нұр» триосы (А.Шакенова, А.Жүкенова, Н.Монголхан) « Жұлдыз-2011» Республикалық эстрадалық орындаушылардың байқауының «Гран-при» жүлдесін жеңіп алды. ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Үкіметтік концерттерге қатысушы Д.Аркенов «Мәдениет қайраткері» атағына ие болды.Концерттік бағдарламалардың жүргізушісі:Ирина Гракова мен Думан Әкімнің және шығармашылық ұжымының жетекшісі Қазақстанның мәдениет қайраткері , 2011-ші жылғы облыс әкімінің "үздік аспапта ойнаушы" номинациясының иегері А. Севастьяновтың тамаша жұмыстарын атап кеткен абзал. Ансамбльге мәдениет қайраткері Дәуренбек Әркенов жетекшілік етеді.