“Әуен” ансамблі

  • Ол 1995 жылы құрылған
  • 13 адам оркестрінің құрамы

Бір кездері дүрілдеп атағы шыққан «Гәкку» ансамблінің қазіргі мұрагері «Әуен» ансамблі деуге болады. 1995 жылы ансамбльді құруға атсалысып, оның алғаш шымылдығын ашқан Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мақат Рымжанов еді. 1996 жылы ансамбль әншісі марқұм И.Исмағамбетов Бірінші Халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы конкурста Гран-при жүлдесіне ие болды. Ансамбльдің құрамында К.Байсейітова атындағы әншілер конкурсының лауреаты, облыс әкімінің «Жыл әншісі» сыйлығының лауреаты Т.Ыдырысов, Халықаралық конкурстың лауреаты, облыс әкімінің «Жыл әншісі» сыйлығының лауреаты М.Мұқажанова, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ж.Кемалов, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты Е.Құжиманов, Монғол Республикасы өнеріне еңбек сіңірген Б.Машан мен Г.Әбілхан, дарынды әнші К.Жүнісов, күйсандық шебері Г.Серкебаева, концерттерін көркемсөзбен әдіптейтін В.Садретдинова, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаттары Г.Серікова мен З.Жәкешева, облыстық конкурстардың лауреаты Қ.Ыбышев сынды өнерпаздар ән салып, көрермендерін қуанышқа бөледі.

Қазіргі таңда "Әуен" ансамблінің мүшелері жас дарындармен толықты.Ансамбль бір орында тоқтап қалмай шығармашылығын шыңдау үстінде. Ансамбль мүшелері облыстық,республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, лауреат атанды.

Атап айтсақ, Еркебұлан Еріков,Насырова Кәмшат және Жаңабаева Мадиналардың бірлескен триосы 2006 жылы Әлия Молдағұлова атындағы республикалық конкурсында Бас жүлдені иемденсе,Қаппасов Айдар осы конкурстың дипломанты атанды.

Аханов Дулат 2009-шы жылы Естай атындағы республикалық конкурсының лауреаты атанды.

Ериков Еркебұлан 2004-ші жылы халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты атанса, 2010 шы жылы республикалық "Жұлдыз-2010" эстрадалық ән орындаушыларының конкурсының Бас жүлдесін иемденді.

Ансамблдің жас әншісі Ұзақбаев Ербота 2008-ші жылы І республикалық "Жұлдыз" конкурсының лауреаты атанса,дәл осы жылы "Халықаралық "Шабыт" фестивалінде дипломант атағын иемденді. сондай-ақ, 2012-ші жылы сәуір айында өткен Кеңес Дүйсекеев атындағы республикалық конкурсында дипломант атанды.

Өміртаева Нұргүл-халықаралық 2011-ші жылы "Шабыт" фестивалінің "Көркем сөз оқу" жанры бойынша дипломант атанды.

Ансамблдің көркемдік жетекшісі Мұхажанова Мунира бірнеше халықаралық фестивалдардың лауреаты, 2011-ші жылғы облыс әкімінің "Жыл әншісі" номинациясының иегері, шетелдердің үлкен сахнасында өнер көрсетіп, жұртшылықтың ықыласына бөленген артис.