“Мерей” ансамблі
- Ол 1956 жылы құрылған
- 13 адам оркестрінің құрамы
Қарағанды филормониясында 1956 жылы ашылған «Музыкалық лекторий» негізінде «Мерей» вокалды-аспапты ансамблі құрылды. Лекторийдің алғашқы бағдарламасы орыс композиторы Михаил Иванович Глинка жайлы болса, одан кейін Қазақстан композиторларына, шетел классиктеріне, әр ұлттар музыкасына арналды. 60-шы жылдары аймақаралық конкурстардың лауреаты, пианист Руслана Штеренберг ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Қасейіновпен бірге ұзақ жылдар бойы концерттер беріп, классикалық фортепиано әуендерінің озық үлгілерін насихаттады. 1967 жылы Алматыда еліміздің мерейтойына арналған, әскери-патриоттық әндердің аймақтық конкурсы өтті. Лекторий осы конкурстың дипломанты атанды. Осы жылдар ішінде ұжымның құрамы бірнеше мәрте өзгерді. Шекті квартет, камера оркестрі болды. Лекторийде қызметін бастаған кейбір әншілер кейін лауреат және еңбек сіңірген әртістер атағын алды. Қазақстанның еңбегі сіңген әртістері Генрих Фот пен Арнольд Сапежников.
И.Гракова, Э.Кичикян, Ж.Жараспаева, Б.Пропищан, О.Ярыгин. А.Герасимов, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Бас-жүлде иегері С.Мұсайын, Республикалық конкурстар лауреаттары Е.Найманбай мен Г.Жақыпбаева, Г.Иринева, В.Сосновий музыкалық лекторийдегі дәстүрді жалғастырып, ұжымды өрге сүйреп келеді. Бүгінгі күні ансамбль құрамы жас дарындармен толыққан. Жігіттерден құралған квартет жұмыс істейді. Борис Пропищан ұзақ жылдар ұжымға жетекшілік етті. Жетекшісі Серік Асанбаев. «Мерей» ансамблі қалалық, облыстық, республикалық концерттерге қатысады. Концерттік бағдарламалармен мерекелік айтулы күндері завод, шахта, әртүрлі мекемелерде өнер көрсетеді.