Джаз оркестрі

  • Ол 1994 жылы құрылған
  • 25 адам оркестрінің құрамы

Концерттік бірлестіктегі көрерменнің көңілінен шығып жүрген ұжымдардың бірі  джаз оркестрі. Аз уақыт ішінде ол Ресейде өткен фестивальдің лауреаты атанып, джаз жанкүйерлерінің алдында абыройға бөленді. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Д.Қайроллинмен, күйсандық майталманы А.Пронинмен өткізген концерттерінде табысқа жеткен А.Севастьянов пен  бас дирижері И.Андрейченконың өнері оркестрдің беделін арттыра түскен.
Бүгінде оркестрдің өз көрермені бар. Оның репертуарында қазақ композиторларының шығармалары, шетелдік джаз туындылары орын алған. Оркестрдің концерттері үнемі халық толы залда, жоғары деңгейде өтеді.