“Аққу” фольклорлық би ансамблі

  • Ол 1993 жылы құрылған
  • 21 адам оркестрінің құрамы

«Аққу» ансамблі 1993 жылы ұлттық би өнерін насихаттау мақсатымен құрылған болатын. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі болып, Республикалық эстрада өнері студиясының түлегі, еліміздегі би жанры корифейлерінің бірі Д.Қияқованың шәкірті Қорлан Мұқатова көп жыл еңбек етті. Ансамбльдің бағдарламасын жасап, билерін қоюға белгілі балетмейстер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ментай Тілеубаев көп көмек көрсетті. Әр жылдары ансамбль репертуарын кеңейту мақсатымен би қою үшін белгілі балетмейстерлер: Алматының «Самұрық» ансамблінің көркемдік жетекшісі Гүлнар Адамова, өзбектің «Лязги» ансамблінің көркемдік жетекшісі Зуһра ханым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тойған Ізім, ұйғыр театрының балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнар Сейітова да  шақырылды. Ансамбльдің репертуарында әлем халықтарының билері бар. Оның биік орындаушылық шеберлігі, репертуар байлығы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде жоғары бағаланып, оған лауреат атағы берілді. Ансамбль Германия, Оңтүстік Корея, Ирак, Швейцария, Франция, Түрік, Швеция елдерінде зор табыспен өнер көрсетті. Қазіргі кезде ансамбльге халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты  Н.Әбілхан жетекшілік етеді.

2012 жылы ансамбль ұжымы Оман сұлтандығы мен Түркия елінде гастролдік сапарда болып қайтты.