“Арқа сазы” фольклорлық ансамблі

  • Ол 2004 жылы құрылған
  • 20 адам оркестрінің құрамы

«Арқа сазы» ансамблі кейінгі жылдар жемісі. Құрылғанына аз уақыт өтсе де, ансамбль көрермендер жүрегінен лайықты орын алып отыр. Оның репертуарында негізінен көп орындала бермейтін халық әндері мен күйлері, жергілікті композиторлардың әндері бар. Ансамбль орындаушылық шеберлігін жауапты концерттерде шыңдап келеді. Ол Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, лауреат атағына ие болды. Ансамбль  Германия, Туркия, Франция,Кувейт елдерінің көрерменін таңқалдырып, таңдай қаққызған өнер ұжымы. Ансамбль 2012 жылдың  ақпан айында  «Түріксой» халықаралық мәдениет ұйымының қолдауымен Оман сұлтандығына барып қайтты. Ансамбль құрамы үнемі жаңа толқынды жастармен толықтырылып отыр. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, облыс әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығының  иегері    «Арқа сазы» фольклорлық  ансамблі  былтыр Қазақстанның  тәуелсіздігінің  20 жылдық мерейтойына арнап, ҚР мәденит қайраткері Алма Аманжолованың қатысуымен «Елім менің» атты концерт берсе, ағымдағы жылы ансамбль және оның   арнайы  шақырылған қонағы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаева өнер сүйер қауымды  18 сәуірде  «Шалқыма» концерт залында өткен «Туған халқыма»  атты шығармашылық кешімен қуанта білді.Ансамбль құрамында Республикалық байқаулардың лауреаттары Е.Базарбеков,  Г.Тапай, Б.Смағұлов, Г.Капен, Р.Шабденов сынды өнерпаздар өнер көрсетуде. Ансмабльдің директоры З.Шарипова мен көркемдік жетекшісі Ә.Шоқанбаев ұжымның шеберлігін шыңдауға атсалысуда. Ол Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, лауреат атағына ие болды. Ансамбль  Германия, Туркия, Франция,Кувейт елдерінің көрерменін таңқалдырып, таңдай қаққызған өнер ұжымы. Ансамбль 2012 жылдың  ақпан айында  «Түріксой» халықаралық мәдениет ұйымының қолдауымен Оман сұлтандығына барып қайтты.Ансамбль құрамы үнемі жаңа толқынды жастармен толықтырылып отыр.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, облыс әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығының иегері «Арқа сазы» фольклорлық  ансамблі  былтыр Қазақстанның  тәуелсіздігінің  20 жылдық мерейтойына арнап, ҚР мәденит қайраткері Алма Аманжолованың қатысуымен «Елім менің» атты концерт берсе, ағымдағы жылы ансамбль және оның   арнайы  шақырылған қонағы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаева өнер сүйер қауымды 18 сәуірде «Шалқыма» концерт залында өткен «Туған халқыма»  атты шығармашылық кешімен қуанта білді.Ансамбль құрамында Республикалық байқаулардың лауреаттары Е.Базарбеков,  Г.Тапай, Б.Смағұлов, Г.Капен, Р.Шабденов сынды өнерпаздар өнер көрсетуде. Ансмабльдің директоры З.Шарипова мен көркемдік жетекшісі Ә.Шоқанбаев ұжымның шеберлігін шыңдауға атсалысуда.