Е.Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрі

  • Ол 1983 жылы құрылған
  • 112 адам оркестрінің құрамы

Қазіргі кезде жұртшылықтың қошеметін иеленіп жүрген симфониялық оркестр 1983 жылы ұйымдасты. Оның маңызы ерекше болды. Бұл, біріншіден күрделі музыканы ойнауға шеберлігі жететін еңселі, кәсіби музыканттар шоғырланған ұжым екенін байқатса, екіншіден, классикалық музыканы түсініп, тыңдай алатын көрермендер деңгейінің де өскенін көрсетті. Оркестрдің алғашқы дирижері Қазақстанның халық артисі Төлепберген Әбдірашев болды. Кейін оркестрдің қалыптасып, өсуіне дирижерлар Н.Клинов, В.Норец, С.Ферулев, П.Грибанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Ахметов көп еңбек сіңірді. Оркестрдің концерттеріне белгілі өнер шеберлері Ж.Әубәкірова, А.Мұсақожаева, Г.Мырзабекова, Ж.Бақтаева, Қ.Жұмакенов, Ж.Баспақова, т.б. шақырылды. Сондай-ақ жергілікті шеберлер Т.Передеро, В.Алпеев, Ж.Алдыханова, В.Чемов оркестрмен қосылып өнер көрсетті. Музыкатанушы Л.Гольская өзінің әдемі үнімен әрдайым көрермендерін баурап алады. Оркестр балғындарды үлкен өнер жолына бағыттауда өнегелі істің бастаушысы бола білді. Жас дарындар Н.Қажығали, Ә.Абаханова, Ә.Батыров, Ю.Брусенцова, Ә.Әлпиев, О.Дүйсен, т.б. оркестрмен сахнаға шығып, жұртшылықтың жылы лебізіне ие болды. Қазіргі кезде оркестр бас дирижері Петр Грибановтың басшылығымен қазақ және шетел композиторларының симфониялық шығармаларымен көрермендеріне рухани азық сыйлай отырып, өзі де шеберлік шыңына өрлеу үстінде. Оркестрдің репертуары барған сайын толықтырылып, классикалық музыканың ең озық үлгілері: Й.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.В.Бетховен, Й.Брамс, Ф.Мендельсон, А.Брукнерді және орыс композиторларының М.Глинки, П.Чайковский, С.Рахманинов, А.Скрябин, Д.Шостакович, И.Стравинский, С.Прокофьев секілді 20 ғасырдың талантты композиторларының шығармаларын шебер орындап жүр.Қазақстан композиторларының Е.Рахмадиев,, Т.Кажгалиев, А.Серкебаев, М.Сагатов,Г.Жұбановтың шұрайлы шығармаларын жоғары талғаммен жұртшылық назарына ұсынып, қалың көрерменге рухани азық сыйлауда. Оркестр ұжымы ұсынатын бағдарлама түрлері әр түрлі болып келіп,жас тыңдаушыларға және студенттерге абонемент бойынша ,опера орындалатын концерттер, Қазақстан композиторларының авторлық концерттері аттарымен тыңдаушыларына ұсынылып жүр. Оркестрмен музыка өнерінің мынадай атақты майталмандары Ж.Аубакирова, А.Мусаходжаева, Г.Мырзабекова, М.Бисенғалиев, Л.Власенко, В.Пикайзе бірлесіп өнер көрсетті. Э.Грач, Д.Гринденко, М.Федотов, С.Тарасов, С.Стадлер, дирижері Ф.Мансуров, Р.Салаватов,А.Торыбаев, К.Ахметов, Е.Цирлиндермен де ынтымақтаса еңбек етеді. Грибанов Петр Алексеевич 1976 жылы Ленинград Мемлекеттік консерваториясын оркестр дирижері, концерттік орындаушы мамандығы бойынша бітірген. 1982 жылы симфониялық оркестрдің және опера театрының дирижері деген тағы бір мамандық алып, ал, 1988 жылы опералық-симфониялық дирижерлау мамандығы бойынша Новосібір Мемлекеттік консерваториясы жанындағы аспирантураны тәмамдаған. П.Грибанов еңбек жолын 1967 жылы Куйбышев қаласындағы мәдениет Сарайында концертмейстер болудан бастап, Ленинград, Пермь, Куйбышев, Иркутск қалаларында еңбек етті. 1989 - 1996 жылдары П.Грибанов Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігіне қарасты симфониялық оркестрдің бас дирижеры болды. Осы кезеңдер ішінде Грибанов Петр Алексеевич көптеген белгілі орындаушылар мен Қазақстан композиторларының, мәселен, Ш.Қажығалиев, Е.Рахмадиев, А.Серкебаев, М.Сағатов, т.б. авторлық кештеріне дирижерлық етті. П.Грибановтың басқаруында оркестр Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, Львов, Алматы және басқа да қалаларда гастрольдік сапарлармен болып қайтты. 1996-1998 жылдары Краснояр симфониялық оркестрінің бас дирижеры, 1998 жылы Санкт-Петербург қаласындағы симфониялық Конгресс-оркестрдің бас дирижері қызметтерін атқарды. Петр Алексеевич Грибанов 2006 жылы Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің симфониялық оркестрінің бас дирижерлығына қайтадан тағайындалды. Ол кәсіби дирижер ретінде ерекшеленіп, оркестрдің техникалық мүмкіндігін ұштауға ұдайы көңіл бөледі. Дирижерлық қызметіне қоса репертуарды жаңалау мақсатында тың шығармаларды оркестрге өңдеумен де шұғылданады. П.Грибанов өткізетін концерттерге көрермендер қашанда көп жиналып, жұртшылықтың зор қошеметіне ие болып, тұрақты тыңдармандары қалыптасқан. ынтымақтаса еңбек етеді. Санкт-Петербургтегі филармония қоғамының құрметті мүшесі. Дирижерлердің Бүкілресейлік конкурсының лауреаты. Мәскеу, Нью-Йорк, Амстердам, Братислав, Единбург, т.б. әлем қалаларын гастрольдік сапарлармен аралады. Оркестр Франция, Испания, Ресей, Украина елдерінде болып, талғампаз өнерсүйер қауымды жоғары шеберліктерімен тәнті етті. Ал, осының ішінде оркестрдің Испанияда болған гастрольдік сапарында ұжым құрамында болған Қазақстанның халық артисі, халықаралық конкурстардың лауреаты, «Әлем артисі», республикадағы скрипка мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі, профессор Айман Мұсақожаева, Киевтен келген жерлесіміз, Львов филармониясы симфониялық оркестрінің бас дирижеры әрі көркемдік жетекшісі Айдар Торыбаевтың басшылығымен тамаша өнер көрсетіп, шетелдіктер алдында Қазақ елінің мәртебесін, өнер биігін, рухын асқақтатып қайтты. Ширек ғасырдан астам уақыт сахнаның көркі болып жүрген концерттік бірлестіктің симфониялық оркестрі классикалық туындыларды сүйсіне тыңдайтын классикалық музының көрермендерін әрдайым асыға күтуде. Симфониялық оркестрдің алғашқы шетелдік концерттері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Қасейіновтың ұйымдастыруымен Францияда өтті. Оркестр Франция, Испания, Ресей, Украина елдерінде болып, талғампаз өнер сүйер қауымды жоғары шеберлік деңгейімен тәнті етті. Испанияда болған концерттерде скрипкашы Айман Мұсақожаева дирижер Айдар Торыбаевтың басшылығымен тамаша өнер көрсетті.

Оркестр құрамы 112 адамнан тұрады