Е.Рахмадиев атындағы Академиялық симфония оркестрінің концерті
"Шалқыма" концерт залында 2022 жылдың 15 мамыры күні Е.Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфония оркестрінің КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Байсейітованың 110 жылдығына арналған концерті өтті. Дирижер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.