«Байтақ елім, Қазақстан!»
2021 жылдың 23 маусымы күні «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің Тәуелсіздіктің 30 – жылдығына арналған «Байтақ елім, Қазақстан!» атты концерті өтті.
Мерекелік бағдарламада халық композиторлары мен қазіргі заман композиторларының шоқтығы биік туындылары шырқалды. Дирижер - «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы – Ерлан Бақтыгерей. Жүргізуші – Аян Амамбаев.