Филармонияның қонағы ретінде "Parovoz-SV" блюз-рок тобы өнер көрсетті

Филармонияның қонағы ретінде "Parovoz-SV" блюз-рок тобы өнер көрсетті. Музыканттар Евгений Маргулистің, Greedence мен "Воскресенье" тобының рок туындыларын орындады. Мадди Уотерстің блюз хиттары және атақты эстрада әндерінің кавер нұсқасы кештің көркін аша түсті. Танымал ұжымның репертуарында өздерінің, авторлық шығармалары бар. Осы бағдарламада топтың соло-гитаристі Руслан Сотниковтың композициялары тыңдарманға тарту етілді.