Қазақстандық этно-тобы фолк-рок бағытында жаңа клип шығарды
Музыканттар ұлттық бейне арқылы өмірдің барлық қиындықтарын абыроймен жеңіп, әлемді өзгерте алатын және жаңа ғаламды игеруде өз жолын іздейтін халық туралы тыңдарман қауымға жеткізу үшін жаңа шығармашылық ізденістерге барды. Әннің мағынасы кейбір ғалымдардың Алтай тұрғындары мен американдық үндістердің генетикалық байланысы бар деген болжамына негізделген. Туындыны жазған және бейне-баянды жарыққа шығарған музыканттар: Нұрлыбек Закенов (вокал, акустикалық гитара, ән авторы), Өнер Кулов (гитара, бэк-вокал), Санжай Әлмішев (халық аспаптары), Берік Козкин (бас-гитара, вокал, домбыра), Дмитрий Староверов (ұрмалы аспап, перкуссия).
Топ музыканттары еліміздің әртүрлі концерт алаңдарында үнемі өнер көрсетеді, көптеген танымал топтарда жұмыс істеген.
«Аѕһіnа» этно-тобы өнер жолындағы әріптестері мен қарағандылықтарға ыстық сәлем ретінде Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің және «Шығармашылық орта» авторлық жобасының интернет-платформаларына орналастыру үшін бұл бейне-баянды қуана ұсынды.