2020 жылдың 5 желтоқсаны күні «Шалқыма» концерт залында Е.Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрінің ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған концерті өтті

2020 жылдың 5 желтоқсаны күні «Шалқыма» концерт залында Е.Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрінің ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған концерті өтті. Бағдарламада Қазақстан композиторларының шығармалары: А.Жайым «Елiм менiң», Х.Сетеков «Ман Хаят», В.Стригоцкий-Пак Цикл миниатюр, Т.Жармұхамет «Қара жорға», М.Сутюшев Сюита для струнного оркестра, Ә.Қазақбаев «Ашанын алты салы», С.Тұяқова «Танец с кувшином», С.Абдинуров «Керей-Жәнібек», Б.Қадырбек Симфоническая эпитафия «Ходжалы курбаны», А.Абдинуров «Folk online» орындалды. Жеке орындаушы – халықаралық конкурстар лауреаты Дана Әбдіқадырова. Концертке Қарағанды облысының ресми тұлғалары, композиторлар Серікжан Әбдінұров, Әліби Әбдінұров, Марат Сутюшев, Тасхын Жармұхамет, Хабибулла Сетеков, Әлқуат Қазақбай қатысты. Дирижёр – симфониялық оркестрдің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Пётр Грибанов.