Әзірбайжанның атақты композиторы Фикрет Әміровтың 100 жылдығына арналған концерт

Концертті Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) мен Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі ұйымдастырды.
Бағдарламада орындалған шығармалар:
1) Е.Рахмадиев Симфониялық күй «Дайрабай».
2) Ф.Әміров Симфониялық мугам «Гюлистан Баяты – Шираз»
3) Ф.Әміров Гусейн Джавидтың «Шейх Санан» пьесасындағы зағип арабтың әні
4) Ф.Әміров оркестрге арналған «Әзірбайжан каприччиосы»
5) Ф.Әміров «Әзірбайжан Еллярi»
Жеке орындаушы – Әзірбайжанның еңбек сіңірген әртісі, халықаралық конкурстар лауреаты Ильхам Назаров (контртенор). Е.Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфония оркестрі. Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов. Жүргізуші - Людмила Гольская.