ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Севостьяновтың 70 жас мерейтойына арналған "Музыка - моя душа" атты концерт
5 маусым күні "Шалқыма" концерт залында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, еліміздің үздік концертмейстерінің бірі, ҚазКСР халыққа білім беру ісінің үздігі Александр Севостьяновтың 70 жас мерейтойына арналған концерт өтті. Кеш "Музыка - моя душа" деп аталды, себебі, Александр Федорович саналы ғұмырын музыкаға арнап, өз ісіне жанымен берілген маман.