«Ең жақсысы балалар үшін!»

«Ең жақсысы балалар үшін!». Осы атаумен өтіп жатқан барлық мәдени іс-шара әдемі бір дәстүрге айналып, балалардың шығармашылығы мен өнерін ашу үшін үздіксіз жалғаса береді деп үміттенеміз. Қазақстан Республикасындағы Балалар жылы аясында, 22 мамыр күні «Шалқыма» концерт залында жас орындаушылар мен Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфония оркестрінің кезекті концерті өтті. Симфония оркестрінің бас дирижері Петр Грибанов жетекшілігіндегі атақты ұжыммен бірге өнер көрсету - балаларға жауапкершілік, көздеген мақсатқа жете білу, абырой сынды қасиеттерді түсінуді үйретеді. Біздің суреттеріміз бен бейнебаяндарымызды қараңыз, концерттің көңіл толқытар атмосферасына қанық болыңыз, алған әсеріңізді жақындарыңызбен бөлісіңіз және олармен бірге Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің музыкалық бағдарламаларына келіңіз. Музыка бәрін шабыттандырады!