Ән керуен | Дәстүрлі ән орындаушыларының концерті
2022 жылдың 19 мамыры күні Кеншілер Мәдениет сарайында «Ән керуен» атты дәстүрлі әндер концерті өтті. Кеште Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жеке орындаушылары: мәдениет қайраткері Дәуренбек Әркенов, Құрмаш Ыбышев, республикалық конкурс лауреаттары Гүлмира Тапай, Медет Осатаев, Айнұр Дәулетбаева, Ақерке Оралханова, Тілеужан Қордабаева, Данияр Түсжанов Арқа дәстүрліән мектебінің атақты туындыларын шырқады. Қарағандылық көрермен аталмышконцертте Ақан серінің, Біржан салдың, Жаяу Мұсаның классикалық туындыларын және халық әндерін тыңдаған еді.