"Ән керуен"
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жақсыкелді Кемалов, «Құрмет» орденінің иегері Сержан Мұсайын, мәдениет қайраткері Меруеш Башай, республикалық конкурс лауреаттары Ришат Шабденов, Дулат Аханов, Сырым Хордин, Ермек Нұрлытаң Арқа мектебінің атақты туындылары: Ақан серінің «Нәзік гүл», Біржан салдың «Айбозым», «Жалғыз арша», Жаяу Мұсаның «Құлбай бай», Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық» классикалық туындыларын және «Смет», «Балқурай», «Қайран заман», «Дей салдым», «Назқоңыр», тағы да басқа жүректі елітіп, көңілді көтеретін дәстүрлі әндерді шырқайды.