Ұлттық домбыра күні
3 шілде күні Қарағанды қаласы Орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауында Ұлттық домбыра күніне арналған концерт өтті. Бұл мерекеге Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі, қаланың ұлт аспаптар ұжымдары, ЖОО студенттері және шараға қатысуға ниет білдіріп, әлеуметтік желі арқылы тіркелген домбырашылар мен БАҚ өкілдері қатысты.