"Арқа сазы" ансамблінің жеке орындаушылары, домбырашылар дуэті - Мерей Жаулетбаева мен Индира Тарғынова.
Пропищан Людмила (скрипка), Пропищан Евгений (ұрмалы аспап), "Шығыс көңіл-күйі" бағдарламасымен
"Әуен" ансамблінің Ұлы Абайдың 175-жылдығына арналған концерттік бағдарламасы.
Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік ғаламтор желісіндегі онлайн-концерттер хабарын қайта бастайды. Онлайн концертті алғашқы болып Дулат Аханов ашады.
Салтанатты кеште Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жеке орындаушылары ғана емес, шақырылған қонақтар: Роза Рымбаева, Талғат Мұсабаев та өнер көрсетті. Қазақстан 6 шілде күні астананың туған күнін тойлайды. Биыл қаланың бас шаһарға айналғанына 22 жыл толды. Әншілердің бүгінгі репертуары осы мерекеге арналады.
2020 жылдың 19 маусымы "Мерей" триосы: Медеу Шилманов, Ербол Алшынбаев, Қуат Дүйсенов өнер көрсетті. Гитарамен сүйемелдеген Серік Асанбаев.
Дәуренбек Әркенов - қазақ халық фольклорының белгілі орындаушысы. Жүсіпбек Елебеков атындағы ІІ республикалық конкурстың Бас-жүлде иегері және лауреаты. Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстардың, "Шабыт" халықаралық фестивалінің жеңімпазы. 18 маусым күні Д.Әркенов @karfil.kz инстаграм парақшасының тікелей эфирінде өнер көрсетті. Бейнаспаны назарларыңызға ұсынамыз!
17 маусым күні Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің @karfil.kz инстаграм парақшасында "Арқа сазы" фольклор ансамблінің ұлт аспаптар триосы өнер көрсеткен болатын. Әртістер: Дариға Хамза (қыл қобыз), Елжас Кәрімов (домбыра), Талғат Ермеков (шертер). Назарларыңызға эфир таспасын ұсынамыз!