"Арнау" ансамблі

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің инстаграм парақшасында 16 маусым күні "Арнау" ансамблі өнер көрсеткен еді. Бейнетаспаны тамашалауға шақырамыз!

2020.06.18 / 10:45
"Аққу" фольклорлы-хореографиялық ансамблі!

@karfil.kz инстаграм парақшасында 15 маусым күні "Аққу" фольклорлы-хореографиялық ансамблі өнер көрсетіп, би өнерінің жанкүйерлеріне мереке сыйлады.

2020.06.16 / 11:15
Пятница

Авторлық немесе бард әндерін көбісі поэзия әуені деп атайды. Аталмыш жанрда музыканы сөзге емес, өлеңге - филососфияға, лирикаға, өткір ойларға арнап жазады... Бұл демократиялық жанр бәріне де ашық. Авторлық әндер мұрасының көкжиегі кең! Он бес жылға жуық уақыт бард жанры әндерінің сұлулығын Қарағанды қаласы мен сырт жақтарда да насихаттап жүрген "Пятница" ансамблі 12 маусым күні instagram желісінің тікелей эфирінде өнер көрсетті. Тамашалаңыздар, бөлісіңіздер. Жаңа концерттерде жолыққанша, құрметті көрермен! Жаз айлары көңілді өтуіне тілектеспін!

2020.06.13 / 18:15
Камералық оркестр құрамы

Классикалық музыка - кіршіксіз өнер туындысы. Әсіресе, симфония оркестрінің орындауында теңдессіз әсер қалдырады. Е.Рахмадиев атындағы оркестрдің камералық құрамы 11 маусым күні instagram желісінің тікелей эфирінде Моцарт, Бах, Гардель, Франсуа, Дженкинс шығармаларын асқан шабытпен тарту етті.

2020.06.12 / 16:00
"Мерей"

"Мерей" ансамблінің 10 шілде күні инстаграм желісінің тікелей эфирінде берген шағын концертін - Таңғажайып ретро деп атасақ та болады. Абай әндері, кеңес фильмдерінің әуендері асқан сезіммен, жаңаша күйде орындалды. Тыңдаңыздар, өткенге саяхат жасаңыздар, бөлісіңіздер. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік парақшасында жүздескенше!

2020.06.11 / 16:15
Симфония оркестрінің ұрмалы аспап артистері

Ұрмалы аспаптар. Көпшілік үшін барабан - үлкен және кіші деп бөлінетін аспап қана. Бұл ой үстіртін пікір. Ксилофон, виброфон, бонг, тамбуриндер, маракастар... Джаз бен симфония әуендерінде ойналатын түрлі әсер, музыкалық бояу қолданыстары - адамзатты таңқалдырып келеді! Е.Рахмадиев атындағы симфония оркестрі 10 маусым күні Instagram желісінде ұрмалы аспаптардың ерекшелігін, әдемі үнін тыңдарманға тарту еткен еді. Көріңіздер, тыңдаңыздар, ләззат алыңыздар, жақындарыңызбен бөлісіңіздер!

2020.06.11 / 15:30
"Домино"

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік үш ай бойы ғаламторда онлайн концерт жүргізіп, музыканттарға дуэт, трио, квартет, ансамбль құруға шабыт берді десек те болады. Е.Рахмадиев атындағы симфония оркестрінде үш квартет пайда болды. Олардың бірі 9 маусым күні тікелей эфирде "Домино" атауымен өнер көрсеткен еді. Людмила Гольская жүргізген бұл шағын концертте Абай, Хамиди, Брамс және Крейслердің шығармалары орындалды. Көріңіздер, бөлісіңіздер, тілек-талаптарыңызды жазыңыздар! Бәрі де Сіздер үшін, құрметті көрермен!

2020.06.10 / 16:00
"White Blues"

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің джаз оркестрінде - "White Blues" жаңа ұжымы пайда болды. 8 маусым күні музыканттар осы атаумен Instagram желісінде табысты өнер көрсеткен еді. Көлемі шағын, бірақ жан-жақты бағдарламада Deep Purple, Beatles, Bart Howard, Stevie Wonder, Antonio Jobim, Harbie Hancock және тағы да басқа атақты авторлардың репертуарынан танымал туындылар орындалды. Тыңдаңыздар, ләззат алыңыздар, бөлісіңіздер! Сіздерді ғаламторда өтетін жаңа концерттерде күтеміз!

2020.06.10 / 15:45
"АНАVA"

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің қонағы - AHAVA тобы ғаламтор желісінде қызықты бағдарлама тарту еткен еді. Тікелей эфир Instagram парақшасында 5 маусым күні өтті. AHAVA - халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстандағы еврей музыкасын орындайтын жалғыз топ. Израильдің поп, рок, фолк жанрындағы әуендерін ойнайды. Бұл ерекше ұжымның репертуарындағы заманауи эстрада және атақты ретро-композициялар лирика әрі мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Топтың өнер көрсеткенін тамашалаңыздар, достарыңызбен бөлісіңіздер! Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің музыкалық бағдарламаларын күн сайын назарларыңызға ұсынамыз. Бізбен бірге болыңыздар!

2020.06.07 / 09:15
Дамир Каримовтың "Голос земли" атты онлайн концерті

Дамир фортепиано және екі экзотикалық аспап: диджириду мен равдрамеде ойнады. Барлық шығарма эфир кезінде ойлап табылды, яғни, импровизация еді. Концерт @karfil.kz инстаграм парақшасында өтті.

2020.06.05 / 16:15
"Enji" шекті квартеті

Ирина Курманова (скрипка), Мақсұтова Эллионора (скрипка), Дүйсембаева Жанна (альт), Иванова Наталья (виолончель) – Шекті квартеттің шағын онлайн концерті. Жүргізуші - Людмила Гольская.

2020.06.05 / 16:00
ҚР Рәміздер күніне арналған бейнебаян

4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні деп белгіленген. Мереке 1992 жылдан бері тойланады. Дәл осы жылы жаңа рәміздер құпталып, бекітілген еді. Ел тарихында мәңгілікке қалатын бұл күн – Мемлекеттік жаңа рәміздердің туған уақыты. Рәміздер күні құтты болсын, құрметті отандастар!

2020.06.04 / 16:30