«Романс души моей»
2021 ж. 21 қараша күні "Шалқыма" концерт залында «Романс души моей» атты концерт өтті. Концерттік бағдарламаға Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жеке орындаушылары қатысып, "Очи чёрные", "Калитка", "Белый конь", "Не пой, красавица...", "Сон" және тағы да басқа сырлы, әуезді романстарды сыйға тартты.