«Солдат любви»
«Солдат любви» атты Батырхан Шүкеновты еске алу концерті өтті Бағдарламада Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің жеке орындаушылары: Ербол Алшынбаев, Қуат Дүйсенов, Гүлмира Серікқызы, Медеу Шилманов, Алуа Уали, Төлеген Сармутдинов, Ершат Қонақбаев, Ольга Фадеева, Арайлым Жүкенова, Нұрбол Темірғалиев, Камшат Насырова, Айдар Қаппасов, Айнұр Сұлтанова, Айнұр Дəулетбаева, Сергей Стефанович (саксофон), Ершат Қонақбаев, Медет Осатаев өнер көрсетті. Аккомпанемент – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Севостьянов (клавиши), Серік Асанбаев (гитара), Əлібек Саулатов. Кеш жүргізушісі Людмила Гольская қазақстандық дарынды əнші, композитор, саксофоншы, атақты «А’Студио» тобының орындаушысы Батырхан Шүкеновтың шығармашылығы туралы ыстық сезімге толы сөздерін арнады. «Солдат любви» кешінде көрермендер жеке орындаушылармен сүйікті əндерін бірге қосыла шырқап, жанға жайлы лəззат алып қайтты.