Симфония оркестрінің ұрмалы аспап артистері
Ұрмалы аспаптар. Көпшілік үшін барабан - үлкен және кіші деп бөлінетін аспап қана. Бұл ой үстіртін пікір. Ксилофон, виброфон, бонг, тамбуриндер, маракастар... Джаз бен симфония әуендерінде ойналатын түрлі әсер, музыкалық бояу қолданыстары - адамзатты таңқалдырып келеді! Е.Рахмадиев атындағы симфония оркестрі 10 маусым күні Instagram желісінде ұрмалы аспаптардың ерекшелігін, әдемі үнін тыңдарманға тарту еткен еді. Көріңіздер, тыңдаңыздар, ләззат алыңыздар, жақындарыңызбен бөлісіңіздер!