"Көктемгі көңіл-күй"
Джаз оркестрінің келесі концерті 2021 жылдың 17 наурызы күні болды. Оркестрдің әр бағыттағы бағдарламасы көктемнің басты мерекелері Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын бірден қамтығандықтан, көрермен залында нағыз көктемгі көңіл-күй орнаған еді. Джаздың танымал композицияларымен бірге, оркестрдің орындауында қазақ композиторларының әндері шырқалды: Н.Бойкозовтың өңдеуінде Ә.Бейсеуовтің «Мұңайма» әнін «Мерей» триосы, Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау» шығармасын Ксения Николаева, Н.Бойкозовтың өңдеуіндегі «Қазақ даласы» әнін Ербол Алшынбаев орындады. Дулат Аханов А.Бабджанянның туындысын тарту етті. Оркестрдің инструменталисттері: Михаил Гудыма (саксофон) мен Михаил Николаев (клавиши), Фархад Абдрахманов (труба), Дмитрий Дымов (тромбон), Александр Ермошкин (труба), Руслан Тырышев (ұрмалы аспап) жеке нөмірмен өнер көрсетті.