Видеобаян | 11 мамыр күні заманауи музыкамен эстрада концерті өтті
Қазақстан Республикасындағы Балалар жылына арналған «Өнер барлығы үшін» жобасы аясында 11 мамыр күні Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жеке орындаушылары жас көрермендерге заманауи әндерден эстрадалық концерт ұсынды. «Барлық жақсылық балалар үшін» - әркез, әр уақытта жасалатын ең игі іс болуы керек. Қарағанды филармониясының әртістері бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған барлық концертке үлкен дайындықпен, ыждаһатпен шығып, жас ұрпақты таңғажайып музыка әлеміне баулып келеді. Біздің афишамыз бен жаңалықтарымызды назардан тыс қалдырмай, әр жанрдағы концерттерімізге келіңіз. Көрерменді асыға күтеміз!