Видеобаян | «Өнер барлығы үшін»
Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік «Өнер барлығы үшін» жобасы аясында Қарағанды жастары мен балаларын мәдениет және музыка әлемімен таныстыруды жалғастыруда. Бұл репортажда концерттік бірлестік әртістері мен жас көрермендер арасындағы жылы байланысты аңғарамыз: балалар әртістермен қосылып ән салып, телефон жарықтарын қосып, мерекелік көңіл-күйді көтере түседі.