Бейне-репортаж | «Сахнада сенің құрдастарың»
18 мамыр күні «Шалқыма» концерт залында «Сахнада сенің құрдастарың» атты концерт өтті. Қазақстан Республикасындағы балалар жылына орайластырылған «Өнер барлығы үшін» жобасы аясындағы концерттер жас музыканттардың кәсіби өсуіне ықпал ететін әдемі және маңызды дәстүрге айналатынына сенім бар. Атақты ұжым - Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфония оркестрмен, бас дирижер Петр Грибановтың жетекшілігінде жеке орындаушы ретінде өнер көрсету өте жауапты іс екені сөзсіз. Музыканттардың жас толқыны осындай концертке асқан байсалдылықпен, ерекше шабытпен келетіні қуантады! Концерттен бейне-репортажды көріңіз, жақындарыңызбен бөлісіңіз және Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жаңа концерт бағдарламаларына келіңіз.