Видеобаян | Ұлы жеңіс күніне арналған «Жеңіс жаңғырығы» атты мерекелік концерті
Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік жеке орындаушыларының Жеңіс күніне арналған концертін «Шалқыма» концерт залына келген көрермендер ерекше ықыласпен, жылы көңіл-күймен қабыл алды. Әртістер Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған, Жеңіс жолындағы ерлік пен қайсарлық жайлы әндерді қазақ және орыс тілінде шырқап, аспапты туындыларды орындады. 9 мамыр күнгі концерттен видеобаян тамашалап, жақындарыңызбен бөлісіңіз, филармонияның алдағы уақытта өтетін концерттеріне келіңіздер!