Видеорепортаж | Звучащие краски музыки
«Звучащие краски музыки» атты әдемі кеш 3 сәуір күні «Шалқыма» концерт залында өтті. Бұл концерттің ерекшелігі – Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфония оркестрінің сүйемелдеуімен музыка мектебінің оқушылары сахнаға шыққан еді. Бағдарламада өнер көрсеткен жас өнерпаздар үшін де, олардың ата-анасы мен ұстаздары үшін де бүл күн қобалжу мен қуанышқа толы болды. Бұл жыл президент жарлығы бойынша «Балалар жылы» деп белгіленгендіктен, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік үнемі балаларға арналған іс-шара өткізіп келеді, алдағы уақытта да мектеп оқушыларына, вокал үйірмесінің шәкірттеріне, колледж студенттеріне арналған концерттер жоспар бойынша көрсетіле бермек. Өнер әлемімен, кәсіби әртістермен кездесу жасөспірімдердің санасына игі әсерін берері сөзсіз, әрі болашақ мамандығын музыка саласынан таңдар деп сенеміз. Біздің афишаны қалт жібермей, балаларыңызбен бірге концертке келіңіздер. Әр жанрдағы музыка бағдарламасын тыңдау сіздің отбасыңыздың үзілмес дәстүріне айналсын.