Қарағанды джаз оркестрі XXIX концерттік маусымының жабылуы

2 маусымда Қарағанды циркінде өткен джаз оркестрінің концертінде көрермен залға лық толып, әртістерге ерекше құрмет-қошемет көрсетті. Бұл концерттің жарқын әрі сәтті өтіп, музыкалық үлкен оқиғаға айналуының себебі де бар. Әсерлі шығармаларға толы бағдарлама, көрермендердің сүйікті оркестрінің дәстүрлі, үйлесімді жұмысы, концерт қонақтары - Иннокентий Иванов (вибрафон, Мәскеу) және Виктория Каунова (вокал, Мәскеу) джаз жанкүйерлеріне үлкен сый жасады. Бағдарламада классика жанрындағы композициялар, Иннокентий Ивановтың авторлық шығармалары, танымал кинодан музыка орындалды. Ұжым әркездегідей көрермен залымен қарым-қатынас жасап, әзіл-оспақ айтып, тіпті бірлесіп музыка да ойнады, онда көрермендер қол шапалақпен музыкалық композицияның ырғағына қосылды. Джаз оркестрінің XXIX концерттік маусымының жабылуынан видеобаян тамашалаңыз, әсеріңізбен бөлісіңіз, жаздың шуақты атмосферасына шомылыңыз және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің түрлі жанрдағы музыкалық бағдарламаларына келіңіздер!