Қ.Байжанов атындағы КБ-тің джаз оркестрінің XXVIII концерттік маусымы жабылуы

2021 жылдың 3 маусымы күні цирк ғимаратында Халықаралық джаз фестивальдерінің лауреаты – Джаз оркестрінің концерті өтті. Көркемдік жетекші әрі дирижер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко. Бағдарлама жүргізушісі – Людмила Гольская.

Бағдарламада Қ.Байжанов атындағы КБ-тің жеке орындаушылары: Ксения Николаева, Айдан ТҰңғышбаев, сонымен қатар, оркестрдің жеке орындаушылары: Алексей Калинин (труба), Алексей Коротков (тенор-саксофон), Владислав Нартов (тенор – саксофон), Михаил Гудыма (альт - саксофон), Иван Дворников (гитара), Михаил Николаев (күйсандық), Дмитрий Дымов (тромбон), Руслан Тырышев (ұрмалы аспап) өнер көрсетті.

Оркестр америкалық атақты джаз композиторлары мен өңдеушілері Боб Минцердің, Гордон Гудвиннің, Сэмми Нестиконың, Боб Мэррилдің, Джо Галлардоның, Карлос Сантаноның, Карл Строуменның, Стив Уандердің шығармаларынан тұратын бағдарлама ұсынды. Көрермендер ыстық ықыласпен, асқан сүйіспеншілікпен атақты джаз: «Mambo Italiano», «It is All RIGHT WITH ME», «SMOOTH», «MACK THE KNIFE», «JUST THE TWO OF US», «SUPERSTITION», «MY CHERIE AMOUR» хиттарын жеке орындаушылармен бірге орындады.